Жол қозғалысы саласындағы заңнамада ұлттық және халықаралық жүргізушілік куәліктердің үлгілерін уәкілетті орган бекітетіні белгіленген.
Осыған байланысты, уәкілетті орган ретінде Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігінің үлгісін бекітіп (ҚР ІІМ 2014 жылғы 08 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен) және оны беруді жүзеге асырады.
Бұдан басқа, «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабында жүргізуші куәлігін беруге мемлекеттік баж белгіленген, ол төлеген күндегі ең аз айлық есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды (2478 теңге). Бұл ретте, Кодексте жүргізуші куәлігін беруге қандай да бір басқа баж және жиын белгіленбеген.
Айтылғандарды ескерсек, мемлекеттік емес ұйымдардың халықаралық жүргізуші куәлігін коммерциялық негізде беруі заңсыз.
Бұдан басқа, ішкі істер органдары беретін жүргізуші куәлігі ұлттық жүргізуші куәлігіне халықаралық шарттар белгілеген талаптарға сәйкес келеді.
Сонымен, ұлттық жүргізуші куәлігі тиісті көлем мен түс бойынша пластиктен дайындалған, белгіленген тәртіпте үш тілде (мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдері) жазылған мәліметтері бар.
Осыны ескере келе, Қазақстан Республикасында халықаралық куәлік беру қажеттілігі жоқ деуге болады, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.