Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы департаментіне жаңа басшы келді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Қарағанды облысы бойынша департамент ұжымы мен әкімге Департаменттің жаңа басшысы әрі Әдеп кеңесінің төрағасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЛауазымғаАгенттік төрағасының бұйрығымен ротация тәртібімен Айгүл БейбітбайқызыБайханова тағайындалды.

Жаңа басшынытаныстыра отырып, Марат Дәуешов Департаменттің ел Президенті және Агенттікбасшылығы қойған міндеттерді атқаруда ұйымшыл әрі жемісті қызмет атқарыпотырғанын тілге тиек етті.

АйгүлБейбітбайқызы Байханова 1973 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттікбасқару академиясын «қаржы және несие», «Болашақ» университетін «заңгер»мамандығымен тәмамдаған, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруакадемиясының магистратурасын бітірген.

Мемлекеттікқызметте 1992 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

Еңбек жолын1992 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік салықинспекциясының маманы болып бастады.

1996-2002жылдары Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасында түрлі лауазымдар атқарған.

2002 жылыЖоғарғы соттың жанындағы Соттар әкімшілігі комитетінің Қызылорда облысы бойыншаәкімшісінің қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2005-2007жылдары Астана қаласы әкімдігінің Қаржы департаментінде түрлі лауазымдардажұмыс істеген.

2007-2009жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлауминистрлігінде қызмет етті.

2009-2010жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініңЕсеп-талдау бөлімінің бас маманы, бас консультанты болған.

2010 жылдан 2016жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығындатүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016-2019 жылдараралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментін басқарған.

Соңғы жаңалықтар