«Кандидат мемлекеттік қызметке орналасу үшін тест тапсырады. Бұрын барлығы «Тест қиын, сұрақтары ауыр» деп айтатын. Біз қазіргі таңда тестілеудің сұрақтарын қысқартып жатырмыз. Мысалы, қазір емтиханды 9 заң жобасынан тапсыру керек болса, алдағы уақытта оның санын 4-ке дейін қысқартсақ деп отырмыз. Оның орнына біз адами қасиеттер, қабілет пен құндылықтарды анықтау сияқты тетіктерді енгіземіз», - деп жоспарларымен бөлісті агенттік төрағасы.
Дархан Жазықбаевтың айтуынша, биыл наурыз айынан бастап 5 мемлекеттік органға қызметкерлерді қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр.