Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік пакеті күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нарықтық экономикадағымемлекеттік қызметшілердің тартымдылығы мен кәсібилігін арттырумақсатында оларды қолдау үшін кешенді шара қабылдауқажет. Бұл туралы МҚІА төрағасыАнар Жайылғанова агенттіктің кеңейтілген кеңесінде айтты.

«Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, оңтайландырылған әлеуметтікжеңілдік пакеттері мен кепілдіктер мемлекеттік қызметке жоғарысанаттағы мамандарды тартуға көмектеседі»,- деп атап өттітөраға.

Анар Жайылғанова агенттіккетиесілі аумақтық бөлімше басшыларына жергілікті органдардағымемлекеттік қызметшілердің өз жұмысына көңілі толатын-толмайтынына талдау жүргізіп, бірай көлемінде ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

Мемлекеттікқызметшілерді қолдау шараларын әзірлеу ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік.Өрлеу» сайлауалдыбағдарламасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясында қарастырылған.