«Арнайы тексеруді жүргізу кезеңін мемлекеттік қызмет еңбек өтіліне қосу ұсынылып отыр. Бұл аталған адамдар лауазымдық міндеттерді іс жүзінде атқаратындығына және оларға мемлекеттік қызметшілерге көзделген барлық шектеулер қолданылатындығына байланысты ұсынылады», - деді ол.
Бұдан бөлек, конкурстық рәсімдерді оңтайландыру ұсынылды.
«Атап айтқанда, 3 кезеңдік конкурстық іріктеуден 2 кезеңдік конкурстық іріктеуге көшу пысықталды. Яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы 2-ші ішкі конкурсты және жалпы конкурсты біріктіру ұсынылады. Бұл конкурстық рәсімдер уақытын 14 жұмыс күніне (46-дан 32 күнге дейін) қысқартуға және бос жұмыс орындарын толтырудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Марат Дәуешев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тыныстырылды.