Сайыстың алғашқы күнінде қатысушылар қарттар күніне орай Текелі қаласындағы қарттар үйіне барып, сый-сияпат беріп, ән-жырдан шашу шашты. Жалпы бұл байқау мақсаты ішкі істер органдарында қызмет ететін тәртіп сақшыларының қазақ тілін жетік меңгеруге ықпал ету. Сондай-ақ, кәсіби терминдерді дұрыс қолданып, қызметтік құжаттарды қатесіз рәсімдеуді үйрету.
«Біздің байқауға қатысушылар осы қызметкерлер. Мысалы тергеу саласынан бар деп айтуға болады. Олар енді істі жүргізгенде жылдан-жылға тілімізге деген құрметі көтеріліп келе жатыр. Қазақ тілінде жүргізеді. Және осы байқаудың өтуі өзінің бір көмегін, септігін тигізеді», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі басқармасының басшысы Әлия Шермағанбетова.