Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте қандай талаптарға екпін қойылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қолдау шарларынсыз жобаларға екпін қойылады. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрғасының орынбасары Айдос Көбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«620 жоба(мемлекеттік-жекешелік әріптестік) дайындық кезеңінде тұр, олар шамамен 1 трлнтеңгеге бағаланды. Айта кетейік, бүгінде негізгі екпін мемлекеттік қолдаушараларынсыз іске асырылатын жобаларға қойылып отыр. Сондықтан аталған 620жобаның арасында басым бөлігі тариф есебінен пайда түсіруге негізделген», -деді А. Көбетов Үкімет үйінде тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бөлекол проблемалық жобалар туралы айтып берді.

«Іріжобалардың ішінде проблемалық нысандар жоқ, алайда жергілікті жерлерде тиістісебептермен тоқтаған жобалар бар», - деді А. Көбетов.

Бұған дейінхабарланғандай, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында қанша жоба іске асырылып жатқанын мәлім етті.

«1 шілдедегіжағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестікте 565 жоба бекітілді. Оныңсомасы 1,2 трлн теңгеге жетті. Соның 9-ы республикалық жоба болса, қалған556-сы өңірлерге тиесілі», - деді М. Такиев.