Мемлекеттік биліктің барлық негізгі институттары жаңарып жатыр - Ерлан Қарин

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары мемлекеттің заманауи институционалдық моделін қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы Вице-Президент әлеуметтік желіде жазды.

Фото: Ақорда

Вице-Президент бұл ретте бүгінгі мәслихат сайлауының маңызы айрықша екенін атап өтті. Өйткені мемлекеттік биліктің барлық дерлік негізгі институттары жаңарып жатыр.

— Мәслихат депутаттарының сайлау науқаны қоғамдық үдерістерге қосымша серпін беріп, жергілікті өкілді органдардың жаңаруына жол ашады, - деді Ерлан Қарин.

Вице-Президент Ерлан Қарин мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергенін жазған едік.