Мемлекеттік қызмет көрсететін порталдар уақытша қолжетімсіз болады
АСТАНА. KAZINFORM – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс техникалық тексерістер жүргізіледі.
Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 17 мамыр сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі.
Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
- eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
- e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы сервистері;
- «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
- Осыған байланысты, барлық операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқасын дайындауды ұсынамыз,- деп жазылған eGov.kz порталының Telergram парақшасында. https://t.me/egov_portal/1580
eGov.kz порталында таяуда қосылған қызметтерге тоқталсақ, енді әскери оқу орындары eGov.kz порталы арқылы өтінім қабылдайды.
Сонымен қатар eGov Mobile арқылы қазақстандықтар жеке деректерінің таралу жағдайын тексеруге болады.
Одан бөлек eGov порталының көмегімен заңсыз тіркелген SIM-картаны анықтау мүмкіндігі бар.