Зерттеу көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілер (45,5%) басқа кәсіби топтарға қарағанда белсенді өмірлік ұстанымын жиірек танытады. Бұл тұрғыда оларға бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері (42,5%) барынша жақын.
Еске сала кетейік, 23 маусым Қазақстанда Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен азаматтардың өмір сапасы осы сала мамандарының еңбегіне байланысты.
Соңғы жылдарда елімізде мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға, мемлекеттік қызметшілердің дербестігін кеңейтуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейтуге арналған бірқатар реформа жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттік қызмет туралы заңға қол қойылды, не өзгереді?
Мына сілтемеден оқыңыз.