Алаяқтар өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырады немесе азаматтарды адастыру, мемлекеттік органмен ресми өзара іс-қимылдың көрінісін жасау және осы сылтаумен қолма-қол ақшаны иемдену үшін оның қызметкерлерінің аты-жөндерін пайдаланады.
Агенттік бұл әрекеттерге қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Агенттік қызметкерлерінің аты-жөні мен лауазымдарын пайдалану ұсынылатын операциялардың заңдылығын көрсетпейді және қолма-қол ақшаны қайтаруға кепілдік бермейді.
Осыған байланысты Агенттік азаматтардың назарын мыналарға аударады: Агенттікте қаржылық операцияларды жүргізуге, ақшалай қаражатты қайтаруға немесе өтемақы алуға арналған ресми Telegram-боттар жоқ. Агенттік қызметкерлері азаматтардың ақшалай қаражатын тартпайды, инвестициялық өнімдерді ұсынбайды және комиссияларды, инкассация алымдарын немесе өзге де алдын ала төлемдерді төлеуді талап етпейді. Агенттік делдалдар, Telegram-боттар және бөтен аккаунттар арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын қайтаруды жүзеге асырмайды.
Агенттіктің қызметкерлері тергеуді сүйемелдеу, қылмыстық қудалауды тоқтату, қылмыстық істерді реттеу немесе Құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын өзге де мәселелерді шешу үшін тағайындалмайды.
— Агенттікке алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметін жүргізу өкілеттіктері берілмеген, сондай-ақ жеке тұлғаларға қатысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырмайды. Агенттік қызметкерлері тергеуді сүйемелдеу, қылмыстық қудалауды тоқтату, қылмыстық істерді реттеу немесе құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын өзге де мәселелерді шешу үшін тағайындалмайды, — деп ескертті мамандар.
Агенттік белгілі бір ақыға ақшалай қаражатты қайтаруға, қылмыстық қудалауды тоқтатуға, қылмыстық істерді реттеуге немесе Агенттік атынан қаржылық операцияларды жүргізуге жәрдемдесудің кез келген ұсынысы ықтимал алаяқтықтың белгілері болып табылатынын ерекше атап көрсетеді.
Алаяқтық әрекеттерді болғызбау мақсатында Агенттік азаматтарға:
- өздерін Агенттіктің немесе өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстыратын адамдарға ақшалай қаражатты аудармауға;
- ақшалай қаражатты бұғаттан шешу, қайтару немесе аудару сылтауымен комиссияларды, инкассация үшін алымдарды және өзге де төлемдерді төлемеуге;
- өздерін Агенттіктің ресми арналары ретінде таныстыратын Telegram-боттарға, аккаунттар мен чаттарға сенбеуге;
- жалған қозғалған қылмыстық істер, тағайындалған тергеулер немесе азаматтарға Агенттік қызметкерлерінің бекітілгені туралы хабарлайтын адамдардың талаптарын орындамауға;
- келіп түсетін ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге;
- SMS-хабарламалардан алынған дербес деректерді, банк деректемелерін, құпиясөздер мен растау кодтарын үшінші тұлғаларға бермеуге;
- күдікті қоңыраулар мен хабарламалар алған кезде оларды жөнелтушілермен қаржылық қатынастарға түспеуге және осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға қатаң ұсыныс береді.
Агенттік азаматтарды қырағылық танытуға және алаяқтардың мемлекеттік органдардың атауларын, лауазымдарын және рәміздерін пайдалануы заңға қайшы әрекеттерді заңды етіп көрсету тәсілдерінің бірі болып табылатынын есте ұстауға шақырады.
Агенттіктің қызметі туралы өзекті және анық ақпарат Агенттіктің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін алаяқтар қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдыруды ұсына бастағанын жазған едік.
БЖЗҚ мәліметінше, алаяқтар салымшыларға телефон шалады немесе мессенджерлер арқылы хабарлама жіберіп, өздерін қор қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар зейнетақы жарналары түспегенін, зейнетақы қайта есептелетінін немесе азаматтарға қосымша төлемдер тиесілі екенін айтып, жалған ақпарат таратады.