Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі өз қызметкерлерінің құрметіне арналған әсерлі науқан ұсынды.
Осылайша компанияда жұмыс істеушілердің әрқайсысының маңыздылығын атап өтті. 16 тамызда «Біз ашықпыз/Мы открыты» мейрамханаларының маңдайшалары адам аттарына өзгертілді: «Мен Араймын», «Мен Аружанмын», «Мен Даниярмын», «Мен Юлиямын» және т.б.
Осылайша компания өз жұмыс орнына адал болып қалатын және оның өсуі мен беделіне елеулі үлес қосатын өз командасына алғысын және ризашылығын білдіргісі келген.
Қазіргі уақытта компанияда бүкіл ел бойынша 1700-ден астам адам жұмыс істейді.
Атап айтқанда, орталық кеңсе қызметкерлерінің 40% астамы жылдам қызмет көрсететін мейрамханада өз жолын бастаған және көптеген менеджерлер директор мен басшы деңгейіне дейін өскен.
Food Solutions KZ бас директоры Асет Машановтың айтуынша, қазіргі уақытта компания жақын арада жарияланатын жаңа брендтің ауқымды шығарылымына дайындап жатыр.
Алдағы айларда жаңа атаудың тұсаукесері өтеді, онда бүкіл ел бойынша «Food Solutions KZ» жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, биылғы қаңтар айында McDonald’s Қазақстаннан біржола кетті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі McDonald's-тың Қазақстан нарығынан кету себептерін айтты.
Жеті жыл бойы McDonald's операторы болған «Food Solutions KZ» оның орнында өз мейрамханалар желісін ашты.
Одан бері бұл бренд бүкіл Қазақстан бойынша 5 млн астам адамға қызмет көрсеткен.
Алматы
Мен Араймын
Мен Аружанмын
Мен Әселмін
Мен Аяжанмын
Мен Аяулыммын
Мен Бекзатпын
Мен Маликамын
Мен Дианамын
Мен Динарамын
Мен Мадинамын
Мен Мәдиярмын
Мен Назеркемін
Мен Арманмын
Астана
Мен Жұлдызбын
Мен Даниярмын
Мен Александрмын
Мен Әйгеріммін
Мен Алинамын
Мен Айданамын
Мен Әнелмін
Қарағанды
Мен Абылайханмын
Ақтөбе
Мен Әділетпін
Атырау
Мен Мөлдірмін
Қостанай
Мен Юлиямын.