«Жеңістеріңіз үшін үлкен рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз, мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруға нәсіп етсін!», - деп жазды Д. Құдайберген Instagram парақшасында.
Бұған дейін Токио -2020 жазғы Олимпиада ойындарына шолу жасаған болатынбыз. Аталған бәсекеде Қазақстан атынан 97 спортшы бәсекенің 28 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде ел құрамасы 8 қола медальмен 83-ші орынға тұрақтады.
Ал дәл қазір айтулы спорттық шараның жабылу салтанаты өтіп жатыр.