Облыстық ІІД-де болған брифингте хабарлағандай, 22 наурыз күні кешке Бадамша аулындағы бір үйдің ауласынан жарақаттанған екі 19 жасар жігіт ауруханаға жеткізілді. Олардың біріншісінің құрсақ тұсы жараланған болса, ішіне оқ тиген екіншісі есін жинамастан ауруханада көз жұмды.
Тағы бір 19 жасар жігіт Бадамша ауылының Әйтеке би көшесіндегі үйдің пәтерінде аңшылық мылтықтан өзін өзі атып, мерт болды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері анықталу үстінде.
Наурыздың 20-нан 26-на дейін Ақтөбе облысында барлығы 157 қылмыс пен оқиға тіркелді, соның 62-сінің ізі суымай ашылды.
Сонымен қатар, бұрын жасалған 34 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 2 адам қолға түсірілді.