85 келідегі Мерей Қабдуллаев алтын медаль үшін белдесуде Сауд Арабиясының өкілі Абдуллах Тариг Надамен күресіп, 0:7 есебімен жол берді.
Отандасымыз финалға дейін Батбайар Батсух (Моңғолия), Осама Набас (Иордания), Абдурахман Муртазалиевті (Қырғызстан) жеңген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және Сейілхан Болатбек (77 келі), Жібек Құлымбетова (48 келі) қола жүлде еншілеген еді.
Осыған дейін Болатбек Сейілхан джиу-дитсудан Азиаданың қола медалін алған болатын.