Мерей Мәулетқанов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мерей Мәулетқанов ширек финалда жеңіске жетті.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен балуанымыз украиналық Парвиз Насибовты 4:3 есебімен жеңді.

Отандасымыз жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы, франциялық Ибрагим Ганеммен кездеседі.

Еске сала кетейік, осыған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Демеу Жадыраев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіске жеткенін жазған едік.