Маманның сөзінше, әлем чемпионатында Олимпиада ойындарына берілетін жолдамалар сарапқа салына бастайды. Қазір спортшылар дайындықты жалғастырып жатыр, ал алдағы Гран-при турнирі әлем біріншілігіне әзірліктің маңызды кезеңдерінің бірі болмақ.
Довгун 2026 жылғы Азия ойындарындағы команданың нәтижесіне толық көңілі толмағанын да жасырмады. Қазақстандық мергендер жарыста екі қола медаль жеңіп алғанымен, бірнеше жаттығуда жүлдеге қол жеткізуге небәрі бір ұпай жетпей қалған.
Бас бапкердің пікірінше, спортшылар техникалық тұрғыдан жақсы дайындалғанымен, кейбір шешуші сәттерде психологиялық қысымға төтеп беру қиынға соққан. Ендігі міндет — осы тәжірибені ескеріп, әлем чемпионатында бар мүмкіндікті тиімді пайдалану.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық мергендер Азиадада жүлдеге бір қадам жетпей қалған еді.