Бұған дейін бұл тарифтер шектеулі тестілеу кезеңінде болып, тек қолданушылардың белгілі бір бөлігіне ғана қолжетімді еді.
Жаңа жазылымдардың ай сайынғы құны:
Instagram Plus — 3,99 АҚШ доллары;
Facebook Plus — 3,99 АҚШ доллары;
WhatsApp Plus — 2,99 АҚШ доллары.
Компания әзірге жаңа тарифтердің барлық мүмкіндігін толық жариялаған жоқ. Дегенмен алдыңғы сынақтар барысында белгілі болғандай, Instagram Plus пен Facebook Plus жазылымдары негізінен Stories (оқиғалар) функцияларын кеңейтуге бағытталған.
Жазылушылар:
оқиғаларды әдеттегі 24 сағаттың орнына 48 сағатқа жариялай алады;
қаралымдар бойынша кеңейтілген статистикаға қол жеткізеді;
басқа пайдаланушылардың оқиғаларын анонимді түрде қарай алады;
интерфейсті жекелендіру құралдарын пайдаланады;
Facebook пен Messenger иконкаларын өзгерте алады;
эксклюзивті анимациялық реакцияларға қол жеткізеді.
Сонымен қатар Meta жасанды интеллектке арналған Meta AI қызметтерінің жаңа жазылымдарын да сынақтан өткізе бастады. Олардың қатарында:
One Plus,
One Premium,
One Essential,
One Advanced.
тарифтері бар. Бағасы айына 7,99 доллардан 49,99 долларға дейін өзгереді.
Компанияның мәліметінше, жаңа жазылымдар әлем бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі. Сондықтан олардың қолжетімді болуы әр өңірде әртүрлі уақытта іске асуы мүмкін.
Бұған дейін Meta Facebook-тің денсаулыққа тигізетін теріс әсері жөніндегі төл зерттеуін жасырғанын жаздық.