АСТАНА.KAZINFORM — Елордалық «Барыс» хоккейшісі Мэйсон Мореллидің Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубына соққаны голы Құрлықтық хоккей лигасындағы аптаның үздік ондығында көш бастады.
Шабуылшы команда құрамына биыл қосылды. Ол 2026 жылдың 31 мамырына дейін елордалық клубтың намысын қорғайды.
Бұл Мореллидің Солтүстік Америкадан тыс алғашқы кәсіби тәжірибесі болмақ. 2023 жылы ол «Херши Беарс» құрамында Колдер кубогын жеңіп алды. Соңғы екі маусымды Мэйсон «Вегас Голден Найтс» жүйесінде өткізді. Өткен маусымда ол ҰХЛ-де бір матчқа қатысып, сондай-ақ АХЛ-дегі «Хендерсон Сильвер Найтс» сапында 48 ойында 19 (13 6) ұпай жинады.
Айта кетсек, хоккейден ел біріншілігінде «Торпедо» қатарынан сегізінші мәрте жеңіске жетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.