АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 260-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хилс (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 218-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда франциялық теннисші сәтті ойнады - 6:3. Есесіне содан кейін Михаил Кукушкин ойын тізгінін өз4 қолына алды - 6:3, 6:2.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Кукушкин 8 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 13 эйс, 1 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
М.Кукушкин жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 180-інші, жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Денис Кудламен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдондағы екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Александр Недовесов Уимблдлонда алғашқы айналымнан аса алмады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).