Михаил Кукушкин Франциядағы турнирді сәтті бастады
03:00, 09 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 254-орында) Францияның По қаласындағы «Челленджер» турнирінде алғашқы кездесуін өткізді.
Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Кукушкин франциялық теннисші Робен Катримен (547-орында) кездесіп, оны қатарынан 7-6, 6-3 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды.
Подағы турнирдің жүлде қоры 203 900 еуро. Жеңімпаз 30 460 еуро және 125 рейтингтік ұпай жинайды. Негізгі фаворит - бірінші орында тұрған бельгиялық теннисші Рафаэль Коллиньон (72-орында).
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Монакодан жеңіліп қалғанын хабарлаған едік.