Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде ресейлік теннисшіден басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 165-ракеткасы Михаил Кукушкин Бордо (Франция) челленджер турнирін сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 136-ракеткасы, ресейлік Павел Котовпен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин басымдылық көрсетті — 7:6 (8:6).
Екінші сет те қазақстандық спортшының пайдасына шешілді — 6:4.
Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты матчта Кукушкин 8 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Котов 4 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 29-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы, америкалық Брендон Накасимамен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко екінші айналымда рейтингіде 176-сатыдағы франциялық Кальвин Эмериден өтуге тырысып көреді.
Әлемнің 163-ракеткасы Дмитрий Попко Загреб (Хорватия) челленджер додасының екінші айналымында рейтингіде 270-сатыдағы хорватиялық Мили Поличактан ұтылып қалды — 3:6, 2:6. Сөйтіп Загребте ширек финалға өте алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының іріктеу турнирінде ширек финалға өткенін жазған едік.