Михаил Кукушкин Оңтүстік Кореядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 282-ракеткасы Михаил Кукушкин Кванджу (Оңтүстік Корея) челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 254-ракеткасы, ресейлік Павел Котовпен өткізді.

Фото: Sports.kz

Бірінші партияда Котов айқын басымдылық танытты — 6:1. Дегенмен осыдан кейін 38 жастағы Кукушкин камбэк жасай білді — 6:2, 6:3.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде М.Кукушкин 4 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Котов 8 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-понт) ерекшеленді. 
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, швейцариялық Леандро Риедимен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 300-орындағы Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарын сәтті өткізгенімен, негізгі жарыста әлемнің 221-ракеткасы, ұлыбританиялық Лиам Броудиге жол берді — 2:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бублик пен Шевченконың Мадрид мастерс турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз. 

Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты.