АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 293-ракеткасы Михаил Кукушкин Глазго (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 255-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, швейцариялық Реми Бертоламен шеберлік байқасты.
М.Кукушкин аса қиналмай, қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен ойсырата ұтты.
Михаил Кукушкиннің ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 379-орындағы Денис Евсеев екінші айналымда әлемнің 300-ракеткасы, чехиялық Гинек Бартонға жол берді - 2:6, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Таиландтағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).