Милад Карими әлем кубогі кезеңдерінің үздік гимнасты болды

КАИР. ҚазАқпарат – Мысыр астанасында спорттық гимнастикадан әлем кубогінің соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан гимнастика федерациясына сілтеме жасап.

Photo: instagram.com/kazgymfederation

«Каирдегі әлем кубогінде спорттық гимнастикадан жыл үздіктері анықталды.
Қорытынды нәтиже бойынша, Милад Карими 2023 жылғы әлем кубогі кезеңдерінің еркін жаттығудағы үздік гимнаст болды», - делінген мәліметте.

Бұған дейін Милад Карими Әзербайжан астанасы Бакуде өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алған еді.