Милад Карими спорттық гимнастикадан өткен Әлем кубогы кезеңінде «алтын» алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Милад Карими Бакуде спорттық гимнастикадан өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Гимнаст еркін жаттығулардың финалында үздік нәтиже көрсетіп, 14.200 ұпай жинады.

Екінші орынды украиналық Илья Ковтун алды. Райли Луус (АҚШ) үшінші орынға табан тіреді.

Осыған дейін Дохада өткен әлем кубогында Қазақстан атынан өнер көсеткен Нариман Құрбановтың алтын медальді жеңіп алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар