АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Милад Карими Мысыр астанасы Каирда спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде тағы да жеңімпаз атанды.
Қазақстандық гимнаст бұл жолы кермедегі жаттығудан 14.466 ұпай жинап, үздік шықты.
Кипр өкілі Мариос Георгиу (14.066 ұпай) күміс медальға қол жеткізді. Швейцариялық Ноа Сейферт 18.866 ұпаймен үздік үштікке ілікті.
Осылайша, Каирде Милад екінші алтынын жеңіп алды. Бұдан бұрын ол еркін жаттығудан үздік шыққан еді.
Бұл — оның биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі алтыншы алтыны.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).