Милад Карими әлем кубогы кезеңінде үздік шықты

Фото: Фото: НОК

АСТАНА. KAZINFORM - Милад Карими спорттық гимнастикадан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды.

Еркін жаттығу бойынша финалда қазақстандық гимнаст өз шеберлігін таныта білді.

Сөйтіп төрешілер шешімімен 14.466 ұпай жинаған Милад Карими алтыннан алқа тақты.

Тағы бір қазақстандық Алтынхан Темірбек күміс жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Милад Каримидің спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Турнирдің шешуші кезеңіне қоссырықтағы жаттығулар бойынша Милад Карими бірінші орынмен өтті. Қазақстандық гимнаст іріктеу барысында төрешілердің шешімімен 14.000 ұпай жинады.