АСТАНА. KAZINFORM — Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Милад Карими жеңіс тұғырынан көрінді.
Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, Милад Карими кермедегі жаттығудан үздік шықты.
Қазақстандық гимнаст төрешілерден 14,666 балл алды.
Израиль өкілі Александр Мякинин (14,433) күміс медальға қол жеткізсе, қытайлық Чени Се (14,300) үздік үштікті түйіндеді.
Бұл – М.Каримидің осы әлем кубогы кезеңіндегі екінші медалі. Бұдан бұрын ол еркін жаттығудан қола алған еді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынына Осиекте үш медаль түсті. М.Каримиден басқа Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан үшінші орынға көтерілген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде Нариман Құрбанов алтын, Зейнолла Ыдырысов күміс алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).