Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті жаттығудағы финалдары өтті.

Фото: ҰОК

Керме дисциплинасында Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими 2-орын алды. Ол финалда 14.933 ұпай жинады.

Жүлдегерлер:
1. Танг Чиа-Хун (Тайпей) 15.233 балл
2. Милад Карими (Қазақстан) 14.933 балл
3. Анхель Барахас (Колумбия) 14.833 балл

Айта кетейік, Қазақстан командасы Осиектігі доданы 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтады. Кеше тұтқалы ат снарядында Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген.

Айта кетелік Каратэші Софья Берульцева Қытайдағы Премьер-лига турнирінде топ жарған еді.