Атырау қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде маса улау жұмысының тиімділігіне қатысты шағымдарын жиілетті. Олардың пікірінше, қомақты қаржы бөлінгенімен, зиянкестер саны азаймай отыр. Тұрғындар дезинсекция жүргізіліп жатқан аумақтар мен пайдаланылған техникалар туралы тұрақты түрде есеп жариялауды сұрайды.
Айта кетейік, биыл Атырау қаласының оң және сол жағалауындағы ықшамаудандарда масаға қарсы күрес жүргізуге жергілікті бюджеттен 172 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұған дейін Атырауда маса улау жұмыстарына алғаш рет дрон пайдаланылатынын жазған едік.