ішкі істер органдарының қызметі туралы жан-жақты айтып беруге келісті.
Бұндай ұсынысты «Әділет БАҚ Медиа» республикалық газеті редакторының орынбасары, ҚР Бас редакторлар клубының мүшесі Мұратбек Тоқтағазин жасады. «Бүгінде құқық қорғаушылардың қызметіне қатысты сан алуан пікірлер бар ғой. «Бір құмалақ, бір қарын майды шіртеді» демекші, бір полицейдің кесірінен барлық саланың жаманат болатыны да жасырын емес. Сондықтан ішкі істер органдарының қазіргі қызметі туралы жан-жақты жазып, халыққа жеткізу керек. Әлбетте, біз министрліктен қажетті ақпаратты алып жатамыз. Дегенмен, сізден (министр Қ.Қасымов - авт.) де бір арнайы сұхбат алып, ішкі істер органдарының жұмысын сала-сала бойынша жазсақ па деген ұсыныс бар», - деді М.Тоқтағазин. Министр Қ.Қасымов бұл ұсынысты құп көрді.