«Қоғамда кешегі іске байланысты қойылым деген пікір айтылып жатыр. Бұл қойылым ба? Полицияның имиджін көтеру үшін жасалға акция дегендерге не айтасыз?», - деп сұрады БАҚ өкілі.
«Ондай әңгіме жоқ. Ол өтірік, жалған әңгіме. Иммиджді ондай жұмыстармен емес, басқа жұмыстармен көтеруге болады», - деді Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ, ол күдіктінің бұған дейін қандай баптармен жауапқа тартылғанын айтты.
«Оның біреуі ұрлық, біреу алаяқтық», - деді министр.