Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер автокөліктердің алдыңғы бүйір терезесін ақылы түрде қараңғылауды заңдастыру ұсынысы бойынша сұрақ қойды.
- Біз бұл ұсынысқа мүлдем қарсымыз. Бізде рұқсат етілген норма бар, алдыңғы бүйір терезеге жабыстыруға болмайды, ал артқы бүйір терезелерді қараңғылауға рұқсат етілген. Тиісті стандарттар ескерілген. Атап айтқанда, автокөлік терезесін толық қараңғылауға тоқталсақ, бұл ұсыныс қауіпсіздік тұрғысынан қисынсыз, - деді Е.Саденов.
Еске салсақ, биыл мамыр айында Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков автокөліктердің алдыңғы бүйір терезесін ақылы түрде қараңғылауды заңдастыру туралы ұсыныс айтты.