Мағзұм Мырзағалиев өзен арнасын кеңейту жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде туындаған проблеманы зерделеу үшін Ақтөбеге аттанып кеткен.
Сәл бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев министр Мағзұм Мырзағалиевке Ақтөбедегі экологиялық жағдайды шұғыл түрде шешуді тапсырған еді.
«Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма», - деп жазған еді Қазақстан Президенті twitter-дегі парақшасында.