Министр оқулық сарапшылары қалай іріктелу керектігін айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық авторлары мен сарапшылары арнайы курстан өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшіс.

«Жақсы мұғалімніңбәрі оқулық жаза алмайды. Оның өз заңдылықтары мен талаптары бар. Оқулық жазумен монография жазу екі бөлек дүние. Осыны ескермегендіктен, біздің балаларғаұсынатын оқулықтарымыз монография сияқты болып кетіп жүр. Ондай оқулықтыбаланың түсінуі қиын. Сондықтан, оқулық авторларының өзін оқыту керек», - дедіАсхат Аймағамбетов.

Әуелі оқулықсапасын сараптайтын мамандар оқытылатын болады. Сол үшін елдегі 1000 үздікмұғалім іріктеліп, арнайы курстан өтеді.

«Жыл сайын арнайыкурстан өткен сарапшылардың ішінен үздіктері жасырын әдіс арқылы таңдапалынады. Осыдан кейін оқулық авторларын оқытамыз. Бізде авторлар көп емес,сонда да оқытамыз», - деді вдеомство басшысы.

Асхат Аймағамбетовоқулықты сараптау жүйесі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Сарапшылароқулықты бағалау үшін бас қалаға екі рет келеді. Әр келгенде бір апта ғанауақыт беріледі. Оларға үлкен оқулық ұстатады. Елордада отырып, бір аптаныңішінде оны сараптап шығу мүмкін емес. Оқулықты толық сараптау үшін суреттерін,карталарды, кестелерді, есептер мен оның шешу жолдарын, жалпы мазмұны менпунктуациясын тексеріп шығу керек. Осының бәрін бір аптада тындыру қаншалықтымүмкін? Мұндай жүйе бізге ұнамайды. Сарапшылар оқулық сынақтан өтпей тұрыпмакетімен танысуы керек. Ол үшін арнайы электронды платформа құрылады. Соларқылы ақпарат алмасып, жүйелі негізде жұмыс істейтін боламыз», - деді министр.