«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімі хабарлағандай, жәбірленушілердің жағдайы жақсы. Айыптының кәмелетке толмағандығын ескере отырып, оны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған барлық шара қабылданды. Сонымен қатар аталған құқықбұзушылықтың мән-жайы анықталу үстінде. Зардап шеккендердің арасында ауруханаға жатқызылмағандар да бар. Енді бірқатары бүгінде ауруханадан шықты. Күдікті тергеу изоляторында қамауда», - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Еске салайық, 13 ақпан күні Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, 3 оқушыны жарақаттады. Кейін зардап шеккен екі балаға ота жасалды.
Кейін мектептегі қарулы шабуыл кезінде зардап шеккен оқушылар ауруханадан шығарылғаны айтылды.