«Иә, бір-екі облыс бар. Бірақ дәл қазір нақты қай жер екенін айта алмаймын. Мәселе мынада, республикалық бюджетті нақтылау жұмысы сәл кештеу жүргізіледі. Сол себепті біз жергілікті бюджеттердің есебінен төлене берсін деп өтініш жасадық. Қазір барлық облыстар төлеп жатыр. Бір-екі аймақта әлі берілген жоқ. Қай облыстар екенін нақтылаймыз да, осы жұмыстың тездетіп атқарылуын қадағалайтын боламыз. Барлық мұғалімдер үстемеақысын алады», - деді Е.Сағадиев Үкіметте журналистерге берген сұxбатында.
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында министр мұғалімдердің аттестациясын өткізетінін мәлімдеді. Жаңа жүйеге сәйкес, бұған дейінгі үстамеақылардың барлығы сақталады.