БАҚ өкілі Қорғаныс министрлігінің өкілдерінен ресейлік ЧВК «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының сапына өтті делінген 23 жастағы қазақстандық жігіт туралы сұрады.
«Бұл келеңсіз оқиғаның өзге өңірлерде болмауы үшін қандай шара қабылданады?» деп сұрады журналист.
Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, ол азамат өз кезінде Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамында борышын өтеуге жарамсыз деп танылған.
«Ол азамат туралы айтсақ, кезінде Қазақстан Қарулы күштерінің құрамында әскери қызмет етуге жарамсыз деп танылған. Қалған мәліметке келсек, қазіргі таңда бұл мәселемен айналысып жатқан өзге органдар бар. Солар аталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға береді», - деді Бас штаб бастығы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде оқитын қазақстандық студент өз еркімен ЧВК «Вагнермен» келісімшартқа отырғанын жазған едік.
Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі студенттің Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылатынын мәлімдеді.