Министрлік қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге төлеу жайын түсіндірді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Covid-19 індетінен қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына 10 млн теңге сомасында өтемақы төленіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда ресми өкіл қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстарына өтемақыны барынша жедел төлеуді қамтамасыз ету үшін тиісті шешім жасалғанын жеткізді.

«Бұл өтемақы қайтыс болған медицина қызметкерінің туысына төленеді, яғни тиісті өтінімді берген жақынына беріледі. Егер мұрагерлікке үміткер басқа туыстары шықса, онда бұл мәселені қарастыру Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында іске асырылады», - деді Б. Қожахметов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шілде айының қорытындысы бойынша 78 мың медицина қызметкерінің еңбекақысына үстеме беріледі.