Министрлік Мейіргүлге: Ата-анаң виза рәсімдесе Қазақстанға еш кедергісіз келе алады
«Мейіргүл Ұларбектің ата-анасы Қытай Халық Республикасының азаматтары және олар ағымдағы жылдың 8 тамызында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен белгіленген мерзімде елден шығып кетуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. 14 тамызда олар Қазақстаннан кетті. Қазіргі уақытта ІІМ тарапынан олардың Қазақстанға келуіне ешқандай шектеу жоқ. ҚХР-дағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде виза рәсімдеген жағдайда олар Қазақстанға еш кедергісіз келе алады. Жоғарыда аталған ҚХР азаматтары тұрақты тұру мәселесімен жүгінген емес», - деді Алмас Садубаев.
Естеріңізге сала кетсек, кеше 9 жастағы Мейіргүлдің Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың қабылдауында болып ата-анасының Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылғандығын айтып, көмек сұрағанын жазған болатынбыз.