Аталмыш көрме тақырыбы сан алуан бағыттарды қамтиды, ол энергетика және энергияүнемдеуші технологиялар, мұнай химиясы, машинажасау, аваиция және ғарыш, көлік, медицина, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, банк қызметі және инвестициялық қызмет туралы болмақ.
Шараға Ресей, Беларусь және ЕАЭО-тың басқа да елдерінен ірі, орта және шағын бизнес саласының 200-ден астам компаниялары қатысады. Сондай-ақ тақырыптық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен іскерлік шаралар өткізу көзделуде.
"Экспо-Ресей" көрмелері ЕАЭО, ТМД және басқа да елдермен экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және саяси ынтымақтастықты дамытуға, қатысушы кәсіпорындардың халықаралық имиджін қалыптастыруға, іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған.