Моңғолияда қарлы боран соғып тұр

ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолия аумағының басым бөлігінде қарлы боран соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Montsame ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: montsame.mn

Синоптиктер болжамына сәйкес, Моңғолияның басым бөлігінде, соның ішінде Дундговь, Говьсумбэр, Хэнтий, Сухбаатар, Дорноговь және Дорнод аймақтарында алдағы күндері салқын күн райы сақталады.

Жауын-шашын жауып, жел жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты жергілікті билік жүргізушілерді Ұлан-Батыр-Ондурхан-Баруун-Урт бағытында жолға шықпауға шақырды.