Муай-тайдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында муай-тайдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте көш бастағандар:

1-орын - Алматы облысы

2-орын - Алматы қаласы

3-орын - Солтүстік Қазақстан облысы

Додаға еліміздің 16 өңірінен 425 спортшы қатысты.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің жеңімпаздары маусым айында Куала-Лумпурда өтетін мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында, сондай-ақ қыркүйекте Приштинада (Косово) өтетін жастар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Мадрид (Испания) ITF W15 турнирінің финалына шыққанын жазған едік.