Мұғалімдер аптасына бес күн ғана жұмысқа келуі мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің мектептерінде мұғалімдер аптаның бес күнінде ғана жұмысқа келетіндей бірыңғай жұмыс аптасы бекітілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бескүндік жұмыс аптасы туралы сұрақтар жиі қойылады. Тіпті мектептердің бір бөлігіаптасына бес күн оқу жүйесіне көшіп те алған. Бірақ, ол бағытта әлі де мәселелербаршылық. Яғни, балалар бес күн оқығанымен, мұғалімдер бәрібір сенбі күнімектепке келуге міндеттеледі. Әрине, мұндай үрдіс барлық өңірлерде бар деп айтаалмаймыз. Алайда біздің бәріміз де бұл әдіспен алға жылжуымыз керек», - дедіАсхат Аймағамбетов елордада өткен Тамыз конференциясында.

Білімжәне ғылым министрінің айтуына қарағанда, бес күндік жұмыс аптасы бірыңғайтәртіпте белгіленсе мұғалімдер аптаның бұл күнін өз еркінше пайдалана алар еді.

«Егермектеп бес күндік жүйеге өтіп кетсе, мұғалімдердің сенбі күнін өз еркіне қарайпайдалануына болады. Мұғалімдер бұл уақытта балаларымен бола алады», - дедіминистр.

Соңғы жаңалықтар