«Биылғы оқу жылы қашықтан оқыту форматында өтіп жатыр. Оқу процесін аталған форматта өткізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп отыр. Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар мен мұғалімдер қажет компьютерлік техникамен еткен қамтамасыз етілді. Бұл бағытта Үкіметтің резервінен де, жергілікті бюджеттен де қаражат бөлініп, соның арқасында ауқымды көлемде компьютер сатып алынды және балаларға таратылды. Дегенмен онлайн жүйені әлі де жетілдіріміз керек», - деді А. Аймағамбетов.
Осы орайда министр онлайн платформалар жеткіліксіз екенін айта келе, сондықтан бұл бағытты дамытудың жолдары қарастырылып отырғанын айтты.
«Тағы бір мәселе – ол мұғалімдерді курстардан өткізу. Барлық педагогтарды қысқа мерзімді курстардан өткіздік. Бұл бағыттағы қадамдар жалғасатын болады. Жалпы педагогикалық университеттерде педагог мамандарды дайындағанда осы міндетті пәнді, міндетті модульді енгіземіз. Біліктілікті арттыру курстарында да осы мәселе бойынша тиісті модульді қосамыз», - деді ведомство басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, министр педагогтарды тән емес қызметтерге әрі көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданғанын айтты.
Айта кетейік, педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлері екі есеге жуық ұлғайды.