Мұғалімдерге 55-58 жастан зейнетке шығуға мүмкіндік беріле ме - Білім министрі жауап берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұғалімдердің 55-58 жастан бастап зейнетке шығу мәселесіне қатысты түбегейлі шешім қабылданған жоқ.

Бұл туралы бүгін Орталықкоммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, депхабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында БАҚ өкілдеріминистрден мұғалімдердің 55-58 жастан зейнетке шығу ұсынысына қатысты жекепікірін сұраған болатын.

«Бұл мәселені біз бірнеше ретталқыладық. Нақты зейнеткерлікке шығу мәселесін айтып отырмыз. Жалпы біздезейнетке шығу бойынша заңда бекітілгенуақыт бар. Біз ұстаздарға мұндай құқық беретін болсақ, онда басқа да саланың,мәселен дәрігерлер, мәдениет саласының қызметкерлері тарапынан бұл мәселе көтеріле береді. Сондықтан бүгінгікүні аталған мәселе тек талқылану үстінде. Әлі оң шешілді деп біз айта алмаймыз»,- деп жауап берді министр.

Соңғы жаңалықтар