Мүгедектердің құқығы туралы конвенцияға факультативтік хаттама ратификацияланды
16:02, 07 Маусым 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.