Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бағасы алдыңғы сессияның жабылуымен салыстырғанда 3,02%-ға өсіп, барреліне $100,88 болды. Бірнеше минут бұрын көрсеткіш 24 шілдеден бері алғаш рет $101-ден жоғары көтерілді.
Осы уақытта WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 3,09%-ға қымбаттап, барреліне $95,9 болды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Brent мұнайы Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында 100 долларға жақындағанеын жазған едік.
Ал Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елімізде мұнай өңдеу қуаты жылына 39 млн тоннаға дейін артатынын мәлімдеді.