Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,82 долларға артып, 72,77 долларға жетті. Айта кетейік, сәрсенбі күні қара алтын бағасы 0,96 долларға көтеріліп, 71,95 долларды құраған болатын.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,85 долларға жоғарылап, бір баррелі 62,87 доллар болды. Сәрсенбіде баға 0,24 долларға қымбаттап, 62,02 долларды көрсетті.
Авторы Асхат Ахметбеков